17.01.2024, 17:30
Оқылды: 47

Баймағамбет сұлтанмен қоштасқан ғалым кім?

Өзін француз ұлтынан тарататын Санкт-Петербург инженерлік байланыс жолдары институтының түлегі Иван Федорович Бларамберг қазақ даласының солтүстік-батыс бөлігі мен Каспий теңізі жағалауын және Ішкі (Бөкей) орданы зерттеген ғалым.

жп орда

Оның 1848 жылы шыққан «Земли киргиз-кайсаков» кітабында Бөкей ордасы туралы және Кіші Оралдың күнгейіндегі ордаға қатысты жердің топографиясы мен орфографиясы және гидрографиясы тамаша суреттеледі.

Ол сондай-ақ, қазақтардың өмір салтынан, тұрмысынан, әдет-ғұрыптарынан өзі жинаған материалдарды аталған еңбегінде жан-жақты көрсете жазған.

Айталық ғалым, өзінің Баймағамбет сұлтанмен қоштасқанын былайша жазады:

«Төртінші күні колонна Үстірттің үстімен жүріп өтіп Бұлақсай өзенінің алдына тоқтады. Осы жерде бізге Оралдың күнгейіндегі қырғыз ордасының батыс бөлігін басқаратын Баймағамбет Айшуақов сұлтан келіп қосылды. Ол генерал-адьюдант Перовскийдің бұйрығы бойынша жолда маған серік болуы тиіс еді. Сұлтан даланың қырын жақсы білетін әрі орысша таза сөйлейтін адам болып шықты. Бірнеше күндер бірге өткіздік.

Сапар соңында Баймағамбет сұлтан қырғыздарымен төменгі Електегі күзгі орнына қайтатын болған соң, мен оның құрметіне қырғыз аспазшыларына ас дайындатқызып, қоштасу тойын жасадым» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале