Футзал жанкүйерлері үшін қуанышты хабар. Кеше Оралдың мақтанышы – «Бәйтерек» командасы ел кубогындағы алғашқы кездесуін сәтті бастады. D тобы аясындағы ойында жерлестеріміз Хромтаудан келген «Искандерге» ешқандай мүмкіндік бермей, қақпаны 7 рет дәл көздеді! Қорытынды есеп – 7:0.

Бұл жеңіс «Бәйтеректің» топтағы сенімді бастамасы болды. Алда біздің жігіттерді мықты қарсыластар күтіп тұр – Семей мен Қарағанды құрамалары. Ал топтық кезең ойындары 28 тамызға дейін жалғасады.

Бүгін, сағат 19:00-де, «Бәйтерек» ел чемпионы – Семей командасымен кездеседі. Бұл нағыз тартысты ойын болатыны анық! Жергілікті жанкүйерлерді командаға қолдау көрсетуге шақырамыз.
Бекзат Қанаділов,
Фото автордікі
