29.04.2025, 16:30
Оқылды: 645

Бәйтерек ауданында аймақтық кеңес отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы Бәйтерек ауданының орталығы Переметное ауылында өткізілді. Кеңес жұмысы барысында кеңес мүшелері Камен орта мектеп-интернатына мониторинг жүргізді. Мектептің материалдық жабдықталуы, мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған мүмкіндіктер, асхана жұмысы, дефектолог, психолог мамандарының кабинеттері, интернат жағдайы қаралып, сараланды.

WhatsApp Image 2025-04-29 at 17.19.26 (1)

Кеңес отырысының бүгінгі күн тәртібінде облыстың шекаралас аудандарындағы мектептер мен шағын жинақталған мектептердің жағдайы; Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету және барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету; Оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы  болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2025-04-29 at 17.19.27

Кеңес жұмысына «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысы А.Сафималиев, шекаралас аудандардың аудан әкімі орынбасарлары, білім беру бөлімдерінің басшылары, кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-29 at 17.19.26

- Бүгінгі көшпелі отырыс биылғы жылы алғашқы рет Бәйтерек ауданында өткізілуде, өткен жылы 4 ауданда өткіздік. Қазіргі таңда шекаралық аудандарда орналасқан мектептердің жай-күйі бүгінгі кеңестің басты тақырыбы. Сол себепті облысымыздың 7 ауданының білім бөлімі басшыларының оқушылардың білім деңгейі, мектептердің жағдайы, жабылу алдында тұрған мектептер мәселесі жайында баяндамалары тыңдалды. Енді кеңестің негізгі мақсаттарының бірі - осы жабылу алдында тұрған мектептерді жабылудың алдын алу, осы бағытта ұсынбалар мен сұрақтарды көтеру,- деді атқарушы хатшы Азамат Сафималиев.

 

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

баспасөз хатшысы Зарина Каирова

WhatsApp Image 2025-04-29 at 17.19.27 (1) WhatsApp Image 2025-04-29 at 17.19.28

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале