27.01.2024, 16:04
Оқылды: 94

Бәйтерек ауданында футзал жарысы өтті

Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында футзалдан спорт ардагері Ануарбек Галиевті еске алуға арналған турнир өтті. 

IMG_20240127_155500_407

Бір кездегі Зеленов қазіргі Бәйтерек ауданының жастарын спортқа, соның ішінде футболға баулуға еңбек сіңірген жанның рухына бағышталған аяқдоп жарысына аудан ауылдарынан келген ардагерлер командалары қатысты.

Ел үшін аянбаған, спортты, салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысқан азаматты еске алу турнирінің ашылуына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, Бақыт Иргусаев, Батырғали Бикбаев, Николай Гришин, Мақсот Бердалиев сынды спорт ардагерлері, Ануарбек ағамыздың ұлы Руслан Галиев қатысты.

IMG_20240127_155519_809

Әрқайсы жарысқа келген командаларға сәттілік тілеп, Анауарбек Галиевтің ел үшін еткен еңбегі ұмытылмайтынын айты.

Тартысты өткен футзал бәсекесінің қорытындысында Переметный ауылының ардагерлер командасы үшінші, Щапов командасы екінші орын иеленсе, "Локомотив" командасы жарыс жеңімпазы атынды. Одан бөлек, матчтар барысында үздік өнер көрсеткен Талап Құрмашев "Үздік қақпашы", Владимир Харкин "Үздік қорғаушы", Айдос Текебаев "Үздік сұрмерген", Тимур Хайдаров "Үздік шабуылшы", Александр Антюшин "Үздік ойыншы" аталымдарына ие болды. Жасы келсе де шеберлігі бойында екенін көрсете білгег Бақыт Иргусаев "Үздік егде жастағы ойыншы" аталымын жеңіп алды.

IMG_20240127_155523_272

Ауылды дүбірге бөлеп, футболсүйер ағайынға аяқдоп мерекесін сыйлаған турнир жеңімпазы мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен арнайы медаль, грамоталар табыс етілді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале