17.08.2024, 20:21
Оқылды: 192

Бәйтерек өңірінде «Шекараны бүкіл халық күзетеді» патриоттық акциясының бірінші кезеңі өтті

Кеше Махамбет шекара отрядында «Шекараны бүкіл халық күзетеді» патриоттық акциясы аясында түсіндіру жұмыстарының бірінші кезеңі басталды.

IMG-20240817-WA0078

Іс-шараның бастамашысы – ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің офицерлерімен ұйымдастырылды. Акцияның бұл кезеңінің негізгі мақсаты жол бойындағы және шекаралық аймақта орналасқан кемпингтер мен қонақүйлер, жанар-жағармай құю станциялары, жол бойындағы кафелер, сақтандыру компаниялары және айырбастау пункттерінің қызметкерлері мен жұмысшыларына ескерту-алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

IMG-20240817-WA0075

Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, талқылауға «Атамекен» палатасының төрағасы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ аудан активі қатысты. Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік шекараны қорғау және халық арасында патриоттық рухты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шекарашылар жоғары дайындық пен кәсіби шеберлік көрсетіп, шара соңында мемлекеттік шекараны қорғауда ерекше көзге түскен шекарашылар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20240817-WA0073

Бәйтерек өңірінде патриоттық акцияның екінші кезеңі жалғасуда. Акция аясындағы бірінші кезеңнің қорытындысы мен алдағы қадамдар туралы «Ақжайық» телеарнасының кешкі жаңалықтарында көрсетіледі.

Бәйтерек ауданы әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале