«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шаған ауылында заңсыз есірткі өсімдігін өсірумен айналысқан 1965 жылы туған тұрғынды анықтады. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
«Оның үй-жайын берілген рұқсат арқылы тінту кезінде ауласынан өсірілген және өсіру іздері бар екі түп қарасора тұқымды өсімдіктер мен үйдің жанындағы құрылыс жүріп жатқан орында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік салынған пакет табылды. Тәркіленген заттай айғақтар сараптамаға жіберілді.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 300-бабына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, делінген хабарламада.
zhaikpress.kz