2024 жылдың 4 маусымында Астана қаласында Қазақстан өңірлерінен келген оқушылар арасында әлеуметтік көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған «Begenit» халықаралық әлеуметтік жобасының финалы өтті.
Жобаны «InDrive» компаниясы «Astana Hub» халықаралық Технопаркімен және «IQanat» білім беру қорымен бірлесіп іске асыруда.
Осы маусымда жоба 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың маусымына дейін созылды, бірнеше іріктеу және оқыту кезеңдерін қамтыды.
800-ден астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 500 адам алғашқы кезеңдерден өтті. Тек 200 қатысушы көшбасшылық және жобалық қызмет курстарынан өткен онлайн білім беру платформасына қол жеткізді.
Теориялық бөлімнен кейін жартылай финалға 50 бала өтті, олар үшін Алматы тауларында көшбасшылық дағдыларды дамыту үшін тренингтері бар 5 күндік лагерь ұйымдастырылды. «Мектепке қауіпсіз жол» жобасын жүзеге асырған 37 оқушы финалист болды.
Балалар өз аймақтарын зерттеп, мәселелерді анықтап, өз шешімдерін ұсынды. Оларды жергілікті участкелік полиция қызметкерлері, депутаттар, әкімдіктер және БАҚ қолдады.
Жоба нәтижесінде біздің өңіріміздің Бәйтерек ауданы Январцев мектебінің 10 сынып оқушысы және «IQanat» білім беру қорының финалисті Айдар Сартаев 1 орын иегері атанып, өзі таңдаған шетелге білім алу мақсатындағы саяхатқа жолдама ($ 3000) алды.
«IQanat» білім беру қорының финалисті Айдар Сартаев «InVision u by inDrive» инновациялық университеті грантына ие болды. Мұнда стипендия мен Алматыда тұру мүмкіндігі толығымен қамтылған.
Сондай-ақ, финалда «InDrive» негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский, «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова мен кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қатысуымен «Бей-жай қарамайтын азамат пен әлеуметтік көшбасшыны қалай тәрбиелеу керек» атты панельдік сессия өтті.
Спикерлер әлеуметтік көшбасшы модулін Қазақстанның барлық мектебінде қосымша білім беру курсы ретінде енгізу мүмкіндігін талқылады.
Замзагуль Тасмағамбетова