13.10.2021, 16:02
Оқылды: 96

Байтұрсыновтың мұражай-үйі Алматының меншігіне қайтарылды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021101315163922515_whatsapp-image-2021-10-13-at-13-06-16-2

Жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев А. Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды. Қала әкімі мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

Келер жылы көрнекті ағартушы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады, деп жазды Б.Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш.м.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале