8.11.2022, 16:45
Оқылды: 49

БАҚ өкілдері бас қосты

Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде жергілікті «AQJAIYQ» және «ТДК-42» телеарнасы, «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің журналистері бас қосты.

1 (6)

Жиында кезектен тыс президент сайлауына қатысты жаңалықтар қалай дайындалуы қажет? БАҚ өкілдерінің заңды сақтай отырып, ақпарат таратуы туралы айтылды.

1 (7)

-20 қарашада өтетін ҚР президентінің кезекте тыс сайлауы - ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шара. Оны халыққа жеткізетін, сайлаудың өту барысынан ақпарат тарататын журналистер. Сондықтан БАҚ өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Дәл сол күні елдің, құлағы, көзі БАҚ өкілдерінде болады. Ақпаратты қалай жеткіземіз? Түсінікті тілмен жедел, нақты бере аламыз ба? Біздің өңірдің журналистері қай-қайсы да тәжірибелі. Бір емес бірнеше сайлау, референдум, қоғамдық-саяси оқиғалардың бәріне де белсенді атсалысып, міндеттерін абыроймен атқарып жүр. Дегенмен әр кезеңнің сыны, салмағы болады. Сайлауда бірінші кезекке журналистердің саяси сауаттылығы шығады. Ешқандай заң бұзушылыққа жол бермей қызметін атқаруы тиісті. Алты үміткер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Үміткерлердің кездесуінен материал дайындаған кезде олардың барлығына бірдей қарап, ақпараттарын теңдей жеткізу керек. Олардың баннерінің алдында тұрып сұхбат алуға немесе сайлауалды бағдарламаларын салыстырып, өз болжамдарын айтуына болмайды.  Осы тұстардың барлығын журналистер ескеруі тиіс, - дейді «AQJAIYQ» телеарнасы директорының орынбасары Клара Қамбетова.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген: Эльвира Меңдіғали

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале