30.03.2018, 11:36
Оқылды: 61

Бақытбек Смағұл мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті

Бейсенбі күні өңірдегі мәдениет саласының қызметкерлері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлмен кездесті.

Басқосу барысында  жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, салт дәстүрімізді жаңғырту, жат ағымнан сақтану секілді мәселелер көтерілді.

Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ерлікке баулитын «Ауғанның от жалыны», «Оқ пен Отан», «Мен көрген соғыс», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаһарман» атты патриоттық кітаптардың авторы.

Темирболат Токмамбетов1-Қадыр Мырза Әли атындағы орталыққа  келіп, ақын ағамыздың жерлестерімен кездесу мен үшін зор қуаныш. Соңғы екі жылда мәдениет саласының заңнамаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Сонда Батыс өңірінде көпке үлгі боларлық ауқымды жұмыстар жасалып жатқанына куә болдық. Елбасының  жариялаған  үндеулері, мақалалары мен  бағдарламалары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Біз Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, бес әлеуметтік бастамасы негізінде Қазақстанның әр өңірін аралап, шалғай ауылдардағы жастармен, тұрғындармен кездесіп жүрміз. Халықтың мұң-мұқтажын біліп, шешімін таппай жүрген мәселелерді ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтеру - біздің басты парызымыз. Осы орайда айта кетсек, өңірлердегі мәдени нысандарды негізсіз жауып тастау немесе біріктіру секілді мәселелер ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралып, ҚР Мәдениет министрлігінде мақұлданған соң шешім қабылданатын болады. Яғни, шалғай ауылдардағы мәселелер «жабулы қазан» күйінде қалмайды.  Мәңгілік елдің мақсат мұраты жолында қабылданған бағдарламаларды, мақалаларды халықтың қолдағаны маңызды. Сондықтан ата-бабаларымыздың тарихын жадымызда ұстап, олардың көрген қиындықтарын ескере отырып, болашақта қайталанбауына жағдай жасауымыз керек. Ол үшін ұлттық құндылықтарымызды жадымызда сақтап, ұрпақ тәрбиесіне баса мән беруіміз керек,- деді Бақытбек Смағұл.

Жиынды  жүргізіп отырған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев мәдениет саласы бойынша өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Кездесуде Мәжіліс депутаты шығармашылығындағы патриоттық өлеңдерін оқыса, сала қызметкерлері жалақы өсірілсе деген ұсыныстарын  жеткізді.

  Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбетов

Темирболат Токмамбетов3 Темирболат Токмамбетов4

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале