10.11.2020, 10:23
Оқылды: 42

Бақытыңды бағала

1976 жылы оныншы сыныпты бітіріп, жоғары оқу орнына түсе алмағасын ауылдағы мектеп жанындағы интернатқа тәрбиеші болып орналастым. Ол уақытта ауылда «вечер» ұйымдастырылып тұрады.

E7B44B98-E8EE-4F58-BEA2-33BF74F9D29F

Сондай кештің бірінде Жәнібектегі орыс мектебінде қатар оқыған кластасым жазда Орал қаласына барғанда «Храни свою звезду» атты киноны көргенін, онда қарапайым шопанның шаңырағына жүрегі мейірімді, жібек мінезді Салтанат деген қыздың келін болып түсетінін, оған ата-енесі дән разы болғанымен, тік мінез күйеуінің қатал, қатты қарайтынын, фильм соңында жұбайына назаланған Салтанаттың ауыр дертке ұшырайтынын қысқаша баяндап берді. Ол фильмді әңгімелеп отырғанда оқиғасы жадыма жақын көрінді. Кластасымнан: «Киноның соңында Салтанат қайтыс болады ма?» - деп сұрағанымда, «Жоқ», - деді ол. «Ал күйеуінің аты Ыбыш па?» - деп едім, «Тастан» - деді. Осы азын-шоғын айырмашылық қана болмаса, фильмнің жазушы Дулат Исабековтің хикаятының желісімен түсірілгенін сездім. Өйткені бұл хикаятты 1970 жылы бесінші класта оқып жүргенімде «Жұлдыз» журналынан оқып едім.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің  10 қараша күнгі №89 санынан оқи аласыздар

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале