2.09.2022, 16:47
Оқылды: 47

Бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлем қалай жүргізіледі

Мемлекет басшысының кешегі Жолдауына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлем мерзімі бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады. Аталған төлемнің қалай жүргізілетіні туралы ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

12

«Бала күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылады. Бұл ретте, МӘСҚ-тен төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады», - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, бала туғанға дейінгі 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале