17.02.2023, 11:30
Оқылды: 67

«Bala qorgau» сайтына жыл басынан 70-тен аса өтініш түсті

«Bala qorgau» сайтына жыл басынан 70-тен аса өтініш түсті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Айта кетейік, түрлі жағдайларға тап болған оқушылар «Bala Qorgau» ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультация сұрай алады.

Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған. Веб- сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдына ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.

fd4838e2175d17f2871eb4b2b0ed5373_1280x720

Фото: gov.kz

«Биыл жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды», - дейді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова.

Веб-сайтта оқушылар ғана емес ересектер де проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады. «Bala Qorgau» оқушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале