Сурет: ОКҚ
«Берекелі отбасының қалыптасуына әсер ететін факторлар» әлеуметтанулық зерттеуінің қорытындысы бойынша, ата-аналардың жартысына жуығын балалардың әлеуметтік желіге, интернетке (52,7%) және виртуалды ойындарға (47,6%) тәуелді болуы; баланың оқу орнында бейтаныс адамнан жәбір көруі (46,9%); медициналық қызмет сапасы (46,8%), сондай-ақ ата-аналар арасында балалардың темекіге, вейпке құмарлығы толғандырып отыр (41%)», - деді Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұдан бөлек, олардың өз қатарластарынан, тәрбиеші/мұғалім/оқытушыдан психологиялық немесе физикалық зорлық көру ықтималдығына да ата-аналар алаңдайды.
Ауылдарда респонденттер бала демалысын ұйымдастыру, оларды спорт/музыка/сурет үйірмелеріне апару және білім сапасына қатысты проблемаларды жиірек атап өткен.