1.11.2022, 12:45
Оқылды: 59

Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі - министр

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шешімдер қарастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді іс-шаралар қарастырылды», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале