17.12.2024, 10:15
Оқылды: 95

Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?

Балаларға гаджеттерді қай жастан бастап беруге болады? Бұл сұраққа психолог Гүлнар Әбдірайымова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2
Сурет: freepik.com

Маманның айтуынша, егер ата-ана белгілі бір ережелердң ұстанатын болса, гаджеттерді қауіпсіз пайдалануға болады:

2 жасқа дейін балаларға гаджеттер мүлдем берілмейді;

3 жастан 4 жасқа дейін - күніне жарты сағаттан артық емес;

5-6 жаста - күніне 1 сағат;

7-9 жаста - күніне 1,5 сағат;

10-13 жаста - күніне 2 сағатқа дейін;

14-16 жастан бастап - күніне 3 сағатқа дейін.

"Ата-аналар тарапынан тыйым салу кезінде тұрақтылық болуы керек. Есіңізде болсын: зиянды немесе пайдалы әдет 3-4 апта ішінде қалыптасады", - деді Гүлнара Әбдірайымова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале