Жақында БҚО-ның орталық мешіті мен «Зекет» қорының өкілі Самат Әлібаевтың бастамасымен «Жақсылықпен жарысайық» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында Самат Әлібаев көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, 30 отбасының балаларына сыйлықтар берілді.
Сондай-ақ, шара барысында облыстық орталық мешітінің наиб имамы Самат қажы Қанатқалиұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша жобасы туралы айтып, сабырға шақырып және осы шараға өзінің зекетін аударып, қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарға ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі