Журналистер балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде тіркелуіне толық тыйым салына ма, әлде тек қолжетімділік шектеле ме деген сұрақ қойды. Сондай-ақ енгізілетін шектеулер бұрыннан бар парақшаларға әсер ете ме деген мәселе де нақтыланды.
Вице-министрдің айтуынша, бұл талаптар бұрын тіркелген парақшаларға қолданылмайды. Шектеулер тек жаңа парақшалар ашу және оларды растау кезінде енгізілуі мүмкін.
"Бұл – өте маңызды мәселе. Қазір ол талқылау кезеңінде. Заң шығару жұмысы аясында бұл шаралар мемлекеттік органдармен бірге қарастырылып жатыр. Сондықтан оның нақты қалай жүзеге асырылатыны туралы айтуға әзірге ерте", – деді Евгений Кочетов.
Айта кетейік, 2026 жылғы 27 қаңтарда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу ұсынысына қатысты пікір білдірген болатын.
