1.08.2023, 16:00
Оқылды: 44

Балаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей жауапты органдарға қосу керек

 Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануына байланысты қазір Қарағандыда. Бұл турал ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

71997c17-8310-4d3a-9cec-520188793682

Фото Динара Зәкиеваның facebook парақшасынан 

Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды. Оның ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Алты бала ауыр халде жан сақтау бөлімінде, жеті бала ауруханада жатыр. (Тағы 2 бала түсті). Олардың арасында жетім балалар да бар. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Улану себептерін анықтау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің барлығында Бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізеді. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, - деп жазады Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар, ол күзде өңірлерге іссапарлары аясында барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жалпы, бұл салада қазір біз мемлекеттік органдармен бірге балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей ЦОУ мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен катар, жұмыс жүргізу керек тағы біраз мәселе бар, солардың ішінде: 1. Мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін назарға алу керек; сондай-ақ олардың жалақысын арттыруды да қарастыру қажет. 2. Балалардың тамақтану нормативтерін қайта қарау және талаптарды қатаңдату қажет. Бейінді министрлікпен бұл бойынша да жұмыс істейтін боламыз, - дейді Динара Зәкиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале