6.10.2024, 17:14
Оқылды: 83

«Балаларымның болашағына тікелей қатысты болғасын референдумға бардым»

3

– Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Иә, АЭС туралы түрлі әңгіме айтылып жатыр ғой қоғамда. Дегенмен анау айтты, мынау айттымен емес осыған дейін жақсылап ойланып бардым. 30-дан астам әлемнің дамыған елдерінде бар бұл қуат өндіретін орынды неге бізге де салмасқа? Болашақ энергия көзін көп талап еткелі тұрғаны бүгіннен-ақ белгілі нәрсе. Қорқа берсек, әр нәрседен негатив іздей берсек бір орында тұралап тұрып қаламыз. Бізге алға жылжу керек! Мен мысалы балаларымның тоқ тапшылығына тап болғанын қаламаймын. Сосын да бүгінгі референдумға құдай берген ұл-қызымды жетектеп алып келдім. Иә, олар дауыс бере алмайды. Бірақ көрсін дедім. Елдің ертеңі бізге ғана емес, оларға да қажет. Президенттің келешек ұрпақ үшін жасап жатқан бұл қадамын қолдау - азаматтық, - деді Бағдат Ізмағанбет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале