1.12.2022, 17:30
Оқылды: 49

Баланы 5 жасынан бастап мектепке беру: Депутат жаңа ережелерге наразылық білдірді

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке депутаттық сауал жолдап, 6 жасқа толып кеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымдардан шығару мерзімдеріне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

IMG-20221201-WA0038

Депутаттың айтуынша, мектепке дейінгі жүйенің заңға тәуелді нормативтік-құқықтық базасы ата-аналар мен білім беру ұйымдарында үнемі сұрақтар туғызады.

“Министрліктің осы жылғы 30 тамыздағы бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына" қатысты кезекті мәселе туындады. Бұл балаларды мектепке дейінгі ұйымдардан шығару мерзімдеріне қатысты болып отыр.

Жаңа ережелер бойынша осы жылы, яғни 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толатын балалар мектептің бірінші сыныбына баруы керек. Мұндай балалар балабақшалардағы мектепке дейінгі тәрбиеге арналған мемлекеттік білім беру жүйесінен шығарылады және алты жасқа толған күннен бастап бюджеттен қаржыландыруды тоқтатады. Бұл олардың оқу және мектепке дайындық процесінен өту кезеңінде болады”, – дейді депутат.

Екатерина Смышляеваның сөзінше, баланы жылдың ортасында оқудан шығармаудың  жалғыз жолы – оны 5 жасында мектепке беру.

Бұл ретте  осы оқу жылында, яғни келесі жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында мектепке дейінгі ұйымда толық алты жасқа толатын бала , 1 тамызға дейін ұйымда болуы тиіс.

“Осыған байланысты тек оқу және тәрбие циклін тоқтату тәсіліне ғана емес, басқа да сұрақтар туындайды. Біз баланы  тамағы толық қамтамасыз етілген, оқу-тәрбие процесі жүріп жатқан орыннан балаларды шығаруға не үшін асығамыз? Біздің толып жатқан және үш ауысымды мектептер бес жасар балаларды оқуға қабылдауға дайын ба? Бұл жағдай миллиондаған орын тапшы біз үшін орынды ма? Ата-аналар бес жасар баланы өзімен бірге алып жүре ала ма?”, – дейді депутат.

Сондай-ақ депутат бірнеше ұсыныс тастады:

- 5 жастағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алуы басталған сәтінен бастап нақты жасына қарай бүкіл оқу жылы ішінде болуын қамтамасыз етілсін;

- жас кезеңділігін, сыныптарды толықтыру мәселелерін және оқу уақытының шекараларын реттейтін барлық үлгілік ережелер мен стандарттарды сәйкестендірілсін;

-заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерден қосарланған түсіндірмесі мен еркін түсіндірмесі бар барлық нормалар алып тасталсын".

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале