9.08.2022, 15:00
Оқылды: 52

Баланы мектепке дайындау қаншалықты қалтаға соғады?

Әні-міне дегенше мектеп оқушыларының үш айлық демалыстары да аяқтала келді. Ата-аналар баланы мектепке әзірлеу деген үлкен жұмысты бастап кетті. Қазір нағыз қарбалас уақыт. Жақында «Жайық пресс» ақпарат агенттігінің редакциясы базарлар мен сауда үйлеріндегі бағаға мониторинг жүргізіп көрген еді.

38e8aea7543549fca032d5521a950862

Фото дереккөзі: zakon.kz

Қазір базарда «арзаны керек пе?», «қымбаты керек пе?» деген сұрақ тренд екен. Алдымен көзге түскені сол. Бірден айтайық, бағада бәс жоқ. «Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» демекші саудагер өзі шешеді. Көңілі қаласа түсіріп береді, қаламаса көтеріп айтады.

Тіпті әр сатушы психолог болып алған. Қымбат киім алатындарды да, тұрмысы төмен, көп балалы ата – аналарды да бірден таниды. Соған қарап тауар түрлерін ұсынады. «Егер 3-4 балаға менен сөмке, аяқ киім алсаңыз түсіріп беремін, жеңілдік жасаймын» деп іші - бауырына кіріп кете жаздайды.

Адамның көп баратын жері орталық базар ғой. Бізде алдымен сол базарға бардық. Біздің редакция 1-4 сынып аралығындағы оқушылар киетін киімдерге шолу жасады.

Орталық базардағы және «City Center» ССО дүкендерінің бағалары төмендегідей:

 1 сыныпқа баратын қыз балалардың киімдері:

Ал мектепке ұстайтын сөмкелердің (рюкзак) бағасы 5000 теңгеден басталады. 1 сынып оқушысына арналған үлкен сөмкелерді 7000-15000 мың теңге аралығында кездестіруге болады.

Сонымен отбасындағы бір қыз баланы Орталық базардан киіндіру, ең негізгілерін ғана алған кезде шамамен 45 000 -50 000 мың теңге аралығында қаржыға шығады. Бұл базардағы ең төмен құнмен есептелген бағалар жиынтығы.

Ал, баламды базардан киіндірмеймін, тек заманауи сән үлгілерін ұсынатын сауда орталықтарынан киіндіремін десеңіз, қаладағы ең ірі сауда орталығы «City Center» ССО дүкендерінің бағасын да ұсынып көрелік. Ол жерде баға әр түрлі. Қаласаңыз қолжетімді бағаға алыңыз, қаласаңыз бренд дүкендерден киіндіріңіз. Мұндағы арзан дүкендердегі баға базардан көп айырмашылығы жоқ.

Ал бір баланы бренд дүкендерден киіндіру 120 000 – 150 000 мың теңге көлемінде шығады. Ал, егер 3-4 балаңыз болса ... ары жағын өзіңіз есептей беріңіз.

Енді ұл балалардың киімдерінің бағасына келсек. Қыздарға қарағанда ұлдарды киіндіру жеңілдеу секілді көрінді. Ұл баланы Орталық базардан киіндіруге шамамен 37 000-40 000 мың теңге аралығында ақша жұмсайсыз. Бұл ең төмен бағалармен есептелген шығын көлемі. Және ең негізгі киімдерге ғана есептеліп шығарылды.

«City Center» ССО дүкендерінен киіндірсеңіз баға әлдеқайда жоғары болады.

Орталық базардағы және «City Center» ССО дүкендерінің бағалары төмендегідей:

 1 сыныпқа баратын ұл балалардың киімдері:

Жоғарыдағы баға тек киімдерге арналған. Оған баланың оқу – құралын қосыңыз.

Базарда жұқа дәптер 45 теңге, ал қалың дәптер 140-150-160 теңгеден сатылып жатыр. Бұл ең керегі.

Егер балаңыз қосымша бассейнге, би үйірмесіне, спортқа баратын болса Сізге тағы қосымша қаражат шығаруға тура келеді.

Баланы мектепке дайындау ата – ана үшін кәдімгідей стресс. Бір бала болса жеңілдеу соғар. Ал, 4-5 баласы барлар қайтеді?

Сіз балаңызды мектепке дайындадыңыз ба? Қанша ақша жұмсадыңыз? Пікір қалдырыңыз....

Жанат Көшкінбайқызы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале