«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын биылғы жылы 11 тамыздан бастап облыс орталығында, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде өткізуде.

Аталған акция аясында партия мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, кәсіпкерлер мен басқа да жанашыр азаматтар көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларда тәрбиеленуші мектеп жасындағы балаларға мектепке қажетті оқу құралдарын табыстауда.
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы аясында №22 ЖОББМ және А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ бірқатар оқушыларына мектепке қажетті құралдар жинақталған сөмкелер табыстады.

- «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы партияның дәстүрлі өткізетін іс-шараларының бірі. Бұл жұмыстарда біз әр уақытта балаларға көңіл бөлуді, жаңа оқу жылында жаңа оқу құралдарымен бастауға қолғабыс етуді мақсат етеміз. Биылғы жылы акция басталғалы өңірде 100-ден астам отбасыда тәрбиеленуші 200-ге жуық балаларға оқуға қажетті оқу құралдары, киім-кешектер табысталды. 30тамызға дейін бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады», - деді облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев.
Мектепке дайындық кезеңінде балаларға қажетті құралдармен қолдау көрсеткен партия қызметкерлеріне ата-аналар да өз алғыстарын жеткізді.

Өңірде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында мектептердің, мектеп-интернаттардың оқу процессіне дайындығы, балаларға қажетті мектеп құралдарының жеткілікті екендігі партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен қадағалануда. Сонымен қатар облыста партияның сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен бірқатар білім ошақтарына балалар оқу жылының басталуымен бара алатын болады.
Зарина Каирова,
«AMANAT» партиясы
Батыс Қазақстан облыстық филиалы
баспасөз хатшысы