Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ерекше істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының МАӘС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп оқушысының анасы сотта бір пәннің бағасын қайта қараудан бас тарту туралы шешімге қарсы шыққан. Нәтижесінде, сотта оқушының жартыжылдық қорытынды бағасы бойынша төрттік баға негізсіз қойылғаны анықталған. Сондай-ақ, 1 жыл ішінде оқушыға осындай баға қойылып келген екен.
Сот іске Білім және ғылым министрлігі өкілін қатыстырған. Министрлік өкілі бағалау орташа арифметикалық есеп бойынша қайта қаралуы қажет деп тапқан.
Судья тараптарды татуластырған. Мектеп комиссия отырысында оқушының даулы бағасы қайта қарауға міндеттелді. Осылайша, сот баланың құқықтары мен мүддесін қорғады.
Сот ісі екі тарап татуласқанына байланысты тоқтатылған. Медиатив келісімді жауапкер қысқа мерзімде орындаған.