20.07.2021, 12:48
Оқылды: 18

«Бәлкiм, бір атадан тараған шығармыз...»

Такаши Хаясака – 1973 жылы 2 қыркүйекте Жапониядағы Тойота шаһарының Аити бөлігінде туған жапон жазушысы. Оның 30-ға жуық кітабы жарық көрген. Қаламгер ана тіліне қоса ағылшын, румын тілдерін меңгерген. Т. Хаясака 2001 жылы Румынияға барып, кәріз құдықтарында тұратын балалардан сауалнама жинап, әлеуметтік зерттеу жүргізген. Олар жайлы жазған мақаласы «Weekly Friday Reportage Award for Excellence» жүлдесіне лайық деп танылған. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бейсболшылар туралы кітабы үшін «Mizuno Sports Writer Award» және «Samurai Japan Baseball Literature Award» деп аталатын қос бірдей  әдеби сыйлықты алған.

9B245620-E1BB-4CEA-A3A1-F3820CBC304E

 Такаши Хаясака мырза, 2019 жылы Қазақстан астанасында өткен Азия қаламгерлерінің форумы көңіліңізден шықты ма?  

 – Азия қаламгерлерінің форумы ірі көлемде ұйымдастырылған мән-маңызы зор шара болды. Көптеген ақын-жазушымен танысып, пікір алмастық. Рухани қазына жинап, шабыттандық. Гуманистік сипаттағы құндылықтарға кенелуге мүмкіндік берген қазақ халқына алғыс айтамын. Негізі, Азиядағы әр халықтың мәдениеті мен өркениеті әр түрлі. Бірақ барлық қаламгердің жақсы кітап жазсам деген ортақ мұраты бар. Әдебиет шекара-шектеуді мойындамайды. Сол себепті әдеби-мәдени байланыстар нығая береді деп ойлаймын.

Сұхбаттың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 20 шілдедегі  №58 санынан оқи аласыздар.

Сұхбаттасқан:

Алпамыс Файзолла,

ақын, аудармашы,

Нұр-Сұлтан шаһары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале