15.09.2022, 17:46
Оқылды: 67

Балтамен ұрған: Ақтауда екі жігітті аяусыз ұрып-соққандардың видеосы тарады

Ақтаулық полицейлер екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1

Осыған дейін әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видеосы тараған болатын.

"Екі дерек бойынша да ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Күдікті ретінде 16 және 21 жастағы ер адамдар ұсталды. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале