24.04.2022, 19:45
Оқылды: 41

Балықты заңсыз аулағандарға 3 аптада 7,4 млн теңге айыппұл салынды

«Бекіре-2022» акциясы аясында үш аптада балықты заңсыз аулағандарға 7,4 млн теңге айыппұл салынды.

220424200559295e

«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірден бері «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтіп жатыр.

2204242003100791f

«Акция басталғаннан бергі үш аптада табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 514 дерегі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 349 адам тартылып, 29 қылмыстық іс қозғалды. Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 7,4 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, инспекция қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданының Шабдаржап учаскесінде Жайық өзенінен браконьерліктің үш дерегін тіркеді. Балық қорғау, полиция және шекара қызметінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 15,2 тонна балық, оның ішінде 845 келі бекіре тұқымдас балық түрлерін, 275 аулау, 60 жүзу және көлік құралын тәркіледі. Жайық-Каспий бассейнінің су айдынынан 1 015 заңсыз аулау құралы алынды. Оның ішінде, Қытайда монофиламенттен жасалған синтетикалық торлы ау мен ілмек бар», - деп хабарлады инспекциясының баспасөз қызметі.

2204242003100790f

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале