Бандиттер «Қазақстан» қонақ үйінде командалық штаб құрған. Бұл туралы «Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
– Қызықты факті. Саны көп бандиттік топтардың бірі бесжұлдызды қонақ үйде тұрған. Оларға мұның барлығын кім төлеп берді. Жәнеде олар өздерінің командалық штабын «Қазақстан» қонақ үйінің бірінші қабатында орналастырған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, адамдар тергелу үстінде. Мұның алдында ойлаудың өзі қиын болған осындай фактілер анықталып жатыр, - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат барысында қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткіге елтіген күйде болған әрі операцияға тыңғылықты дайындықпен келгендігін баса айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат