11.01.2022, 9:00
Оқылды: 6

Банк жүйесі штаттық режімде жұмыс істеуде

10 қаңтардан бастап мемлекеттік бюджет пен қаржы секторында төлемдерді теңгемен жүргізу және  азаматтардың шотына айлық еңбекақы мен жәрдемақыны, сондай-ақ зейнетақыны аудару үшін «ҚР Ұлттық банк Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК төлем жүйесі штаттық режімде жұмыс істей бастады.

1

Бұл өз кезегінде еліміздің барлық аумағында халық пен бизнеске ішкі төлемдерді ұлттық валютада еш кідіргісіз жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржы ұйымдарының тиімділігін қолдау мақсатында Қазақстан қор биржасы РЕПО операция нарығы мен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын теңгеде құрылымдау қамтамасыз етілуде.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына орай  Қазақстан Ұлттық банкі интернет жұмысының тұрақсыздығына және Алматы және басқа аймақтарда антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанына байланысты банк жүйесін кезең-кезеңмен қалпына келтіруді қолға алды. Алматы және басқа аймақтарда жағдайдың тұрақталуына, сондай-ақ байланыс арналарының реттелуіне қарай Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттықты қайта жандандыру және халықаралық төлемдер мен аударымдарды өткізу бойынша тиісті шаралар қабылданады. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктер және құзыретті ұйымдардың айырбас пункттерінде қызметкерлер мен клиенттердің және айырбас пункттерінің қауіпсіздігі үшін айырбас пункттердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

                                                                           zhaikpress.kz

Фотосурет: bing.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале