Заңда қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты үш рәсім қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сурет: pixabay.com
Олар, соттан тыс банкроттығы, төлем қабілеттігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері. Қазіргі уақытта ең сұранысы көп соттан тыс банкроттық рәсімі болып тұр.
Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
– Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы немесе e-Salyg Azamat немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, - деді ол.
Бұл жүйе арқылы кез келген адам нақты уақытында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.