10.10.2023, 14:45
Оқылды: 40

Бар жақсылық – балаларға

«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қала орталығындағы мейрамханалардың бірінде жинап, ерекше іс-шара ұйымдастырды.

IMG_1990

Қайырымдылық айлығына орайластырылған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысты.

– Жетімін жылатпаған, мұқтаж жан көрсе, қолынан келер көмегін аямайтын қазақтың мейірбандығында шек жоқ. Бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеп, олардың балалық шағының алаңсыз өтуіне барлығымыз жауаптымыз. Ел болашағы саналатын ұл-қыздарға ерекше көңіл күй сыйлап, әдемі кеш ұйымдастырған қоғамдық бірлестікке деген алғыс шексіз, – деді қала әкімінің орынбасары М. Нұржанов.

IMG_2009

40-тан астам баланы өз бірлестігіне мүше еткен «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі жаны жабырқау балалардың жүздеріне күлкі сыйлап, демеу болу үшін аянып қалмайды.

Ақ дастарқан жайып, өңірдегі қамқорлықты қажет ететін балалар мен олардың ана-аналарының басын қосқан жиында бала мен ана денсаулығы және басқа да мәселелер талқыланды. Әр баланы сауықтыру қажеттігі айтылған кездесуде ата-аналар балаларды бассейнге алып бару, атқа мінгізу сияқты аса қажетті емдік іс-шараларды қолжетімді етсе деген ұсыныстарын айтты.

Облыста  мүмкіндігі шектеулі 2265 бала бар. Олардың 500-іне оңалту шарасы аясында протездік ортопедиялық құрал берілсе, 10 бүлдіршін курорттық ем қабылдайды. Одан бөлек, сурдо, тефло техникалық жабдықтар мен гигиеналық құралмен де қамтамасыз етілгендері бар. Бұл – айтарлықтай көмек. Бір айға созылатын қайырымдылық айлығы аясында қамқорлықты қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына барынша қолдау көрсетіледі.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале