29.12.2023, 10:00
Оқылды: 44

Барлық өңірде қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеуге көшу аяқталды

Республиканың барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды.

Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП АВТОБУС (1)

Биыл елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын.

Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілген.

Сондай-ақ жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электронды жол ақысын төлеуге көшкен.

Автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустардың келуі арасындағы ең көп аралықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берген.

Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале