Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қандай қолдау жасалатынын айтты.
«Колледжде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту да жоспарланған. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты колледжді бітірместен, оқуын тастап кететін жағдайлар жоқ емес», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жастардың, әсіресе аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады.
Қазақпарат