3.04.2026, 11:30
Оқылды: 9

«Барселона» құрамында

Орал қаласының тумасы, 15 жастағы дарынды  футболшы Кәрім Меңдіханов әлемге әйгілі «Барселона» футбол  клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл – қазақ футболы үшін үлкен жетістік.

 WhatsApp Image 2026-04-03 at 11.43.18

Кәрім футболдағы алғашқы қадамын Оралдағы «Спартак юниор» мектебінде бастаған. Оның алғашқы бапкері Дәурен Ихсанов жас дарынның қабілетін ерте байқап, дамуына зор үлес
қосты. Алты жасынан бастап доп тепкен ол Түркия, Ресей және Қазақстанда өткен халықаралық турнирлерде өзін үздік ойыншылардың  бірі  ретінде  көрсетті.

2020 жылы Кәрім Астанаға көшіп, жаттығуын жалғастырды. Дегенмен жаз айларында туған жеріне оралып, алғашқы мектебінде шеберлігін шыңдап отырған.

Жас футболшы Испаниядағы кәсіби жолын Levante UD клубынан бастап, кейін RCD Espanyol сапында да өнер көрсетті. Ал өткен маусымда Каталония легіндегі (лигасындағы)
«Серданьола» клубында ойнады.

Бұл келісімшарт Кәрімді «Барселона» жейдесін киген алғашқы қазақ футболшыларының бірі етуі мүмкін. Оның жетістігі – тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар қазақстандық футболдың дамуына серпін беретін маңызды оқиға.

 Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале