9.12.2020, 9:26
Оқылды: 67

«Барселона» - «Ювентус»: Роналдудың қос добы туриндік клубқа жеңіс әперді

Чемпиондар лигасының 6-турында жанкүйерлер назарын аударған матч «Барселона» мен «Ювентустың» арасында өтті.

фут1

Бұл әлемдегі ең беткеұстар ойыншылар Лионель Месси мен Криштиану Роналду арасындағы кезекті бәсеке еді.

G тобында қос команданың бірінші айналымындағы ойыны 28 қазанда Туринде өтіп, онда «Ювентус» «Барселонаға» 0:2 есебімен есе жіберген еді. Кездесу соңында Л.Месси 11 метрлік айып добын дәл орындап, матчты түйіндеген еді. Бірақ ол ойынға Роналду қатыспаған болатын.

Бұл жолы Месси де, Роналду да алаңға шығып, кім мықты екендігін дәлелдеуге тырысты. Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өткен ойында Роналду 13-минутта пенальтиден есеп ашты. 7 минуттан кейін Уэстон Маккенни мергендік танытып, 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда 52-минутта Роналду тағы бір пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Ювентус» 3:0 есебімен қарымта қайырды. Мессидің гол соғып, көзге түсуіне атақты италиялық қақпашы, 42 жастағы Джанлуиджи Буффон мүмкіндік бермеді. Бұл топтан «Ювентус» пен «Барселона» чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды.

Мажарстандық «Ференцварошты» 1:0 есебімен ұтқан Киевтің «Динамосы» Еуропа лигасында ойнайтын болды.

F тобында соңғы турда Санкт-Петербургте «Зенитті» (2:1) тізе бүктірген Дортмундтың «Боруссиясы» жеңімпаз атанды. Өз алаңында бельгиялық «Брюггемен» (2:2) тең ойнаған италиялық «Лацио» екінші орынға ие болды. «Брюгге» Еуропа лигасында бақ сынайды.

E тобында ағылшындық «Челси» мен испаниялық «Севилья» үздік шықты. Ресейлік клубтар ішінде сәтті ойнаған «Краснодар» Еуропа лигасында доп теппек.

H тобында германиялық «Лейпциг» ағылшындық «Манчестер Юнайтедті» 3:2 есебімен жеңіп, оны Еуропа лигасына жіберді. Франциялық «ПСЖ» мен түркиялық «Ыстанбұл Башакшехир» арасындағы матчта төрешінің ұлттық кемсіту бағытындағы сөзіне байланысты жанжал шығып, өтпей, кейінге қалды. Соған қарамастан, франциялық клуб екінші орыннан көрінді.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале