3.04.2025, 17:15
Оқылды: 81

«Баршаңыздың назарына!» дыбыстық дабыл беріледі

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті 4 сәуір күні сағат 10.00-ден тұрғындарды хабарландырудың аумақтық жүйесін жоспарлы тексеру шеңберінде «Баршаңыздың назарына!» дыбыстық дабыл берілетінін хабардар етеді. Шара барысында электрлік сиреналар және сиреналық-дауыстық құрылғылар іске қосылады.

stock-photo-three-intricately-designed-loudspeakers-set-against-a-blurred-background-alarm-emergency-siron-2447521495

Сурет: shutterstock.com

Осыған байланысты, Сіздерден түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды, үрейге немесе қауесеттерге бой алдырмауды сұраймыз!
Сонымен қатар, БҚО ТЖД төтенше жағдайлар кезінде электрлік сиреналар қосылған кезде әрекет ету ережелерін еске салады.
Радио, радиохабар тарату және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз; уәкілетті органның ведомстволық интернет-ресурсында және басқа да қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратты оқып, тыңдаңыз, берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале