Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына қарасты аумақта вегетация жұмысы тұрақты жүріп жатыр. Ең алдымен бұл жағдайға вегетация кезеңіне дейін қажетті көлемді толтыру мақсатында Бартоғай және Күрті су қоймаларының жұмыс режимін сақтау жұмыстары ықпал етті. Бұл туралы ҚР Экология және және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Сондай-ақ, вегетациялық кезеңге дейін негізгі су шаруашылығы объектілеріне су шығынының алдын алу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 253,4 м3 аумақ бетондалса, су шығынын азайтуға ықпал ететін 43,5 шақырым арнаға механикаландырылған тазарту жұмысы атқарылды.
Алайда мамыр айындағы төмен температураға байланысты Бартоғай су қоймасындағы ағын күші азайып, 30 м3/сек-тен жоғары көтерілмеді.