13.09.2023, 12:45
Оқылды: 47

Барымта мен қарымта

Біле жүріңіз!
Қарауылқожаның қазақ ауылдарын тонауы дәстүрге айналып, қожаға арқа сүйеген жас старшындар ойына келгенін жасады. Мәселен, «Балқы бидің баласы Бейсен ханға бағынбайтын кімсіңдер?» деп, Рысалды және Сатыпалды Кәсіпұлының ауылына ат ойнатып, тоғыз адамын жаралап, бір адамын өлтіріп кеткен.
жп су
Оны естіген Исатай батыр қарымта есебінде 200 жасағымен Теректі де отырған Балқының ауылын шауып барымтаға мүлкін тәркілеп, жүгін 20 түйеге артып, өзімен бірге 50 жылқысын айдап кетеді.

«Исатайдың «қаһарына қарсы тұрамын, халықшылдығына тоқтау саламын» деп, атойлаған Қарауылқожа да қарап қалмай, Исатайға қараған ауылдарды бірінен соң бірін тонауын тоқтатпады.

Оларға қарсы-қарым соғыста Исатай жасағы қуғын салып Райым бейіті маңында жолықтырып кездестіргенмен жақсы қаруланған Қарауылқожажасағы алдырмайды. Осы жорықта Исатай қолының 22 адамы тұтқынға түсіп, 20 адамы жаралы болып оралады.

Алайда есесін қайтаруда есебін жібермеген Исатай, қалың қолмен қайта оралып Қарауылқожаның ауылын шаңға бөктіріп, қожаның 550 жылқысын, 95 түйесі мен халықтан жиналған 3000 мың сом ақшасын қолды етеді.

Бұл туралы Қарауылқожа Орал атаманы полковник Покатилевке «Исатай ауылымды шауып кетті, 200 адамымды жаралады, бір адам өлді, үш адам өлім халінде», - деп Исатайдың үстінен арыз түсіреді.

Осылайша хандық пен қараның арасы алшақтай түсті.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале