6.01.2023, 9:15
Оқылды: 33

«Барыс» буллиттен «Амур» командасына жол берді

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада «Амур» (Хабаровск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

Кездесу барысында командалар қарқынды ойын көрсетті.

Ойынның 14-минутында ресейлік клубтан Ян Дрозг есеп ашса, 21-минутта елордалық командадан Аркадий Шестаков таразы басын теңестірді.

Ал 24-минутта «Амур» хоккейшісі Владислав Барулин қайтадан өз командасын алға шығарды.

Одан кейін «Барыс» сапынан Дмитрий Шевченко 37, Линден Вей 56-минутта екі голмен жауап қайырды.

Кездесудің 58-минутында Никита Гребёнкин гол соғып, ойынның негізгі кезеңі 3:3 есебімен аяқталды. Ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте Станислав Бочаров соққан шайба «Амурға» жеңіс алып келді.

Осылайша «Барыс» қарсыласына буллиттен 3:4 есебімен жол берді.

Енді елордалық клуб 6 қаңтарда «Амур» командасымен тағы бір ойын өткізеді.

Ал одан кейін, 8 және 9 қаңтар күндері «Адмирал» (Владивосток) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Металлургтен» басым түсті.

 

Фото: hcbarys.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале