9.10.2023, 12:30
Оқылды: 34

«Барыс» «Тракторға» қарсы матч өткізеді

Бүгін «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Тракторға» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

0086e439-77c5-449e-8907-ea3e893f5fd9

«Барыс» - «Трактор» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

15 кездесуде «Барыс» 11 ұпай жинап, Шығыс конференция кестесінде 11-орынға түсті.

Челябинскілік команда 16 матч өткізіп, 18 ұпай жинап, Шығыс конференция кестесінде бесінші орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, «Витязьға» (2:3 ОТ) ойынынан кейін Андрей Скабелка қызметінен қуылған болатын. Бас бапкердің уақытша қызметін атқарушы Ғалым Мәмбеталиев болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале