Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 17 наурыздағы Жарлығы бойынша өңірдегі татулық пен тұрақтылықты нығайтуға лайықты үлес қосып, діни білімімен рухани ортаны қалыптастырып жүрген Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабырәлиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Өңірдің бас имамына марапатты облыс әкімі Ғали Есқалиев табыстады. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласында бастаған Бақытжан Құралбайұлы Ақ Жайық өңіріне 2015 жылы келген болатын. 2021 жылдың мамыр айынан бастап облыстық орталық мешіттің бас имамы.
- Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы мен бас мүфти Наурызбай қажы Таған-ұлы хазіретке алғысымды білдіремін. Бұл – тек менің емес, өңірдегі дін саласында қызмет етіп жүрген ұжымымыздың ортақ абырой-мәртебесі деп есептеймін. Марапатпен қатар, бұл – бізге жүктелген үлкен жауапкершілік пен сенім. Сенім-ді ақтап, жауапкершілікті абыроймен атқаруға бар күшімді саламын, – деп бас имам ризашылығын білді-ріп, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, еліміздің тыныштығын мен халқымыздың амандығы, берекесі мен татулығын тілеп, дұға етті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі