30.12.2021, 17:15
Оқылды: 68

Бас прокуратура өлім жазасының толық жойылуына қатысты түсініктеме берді

Өлім жазасын алып тастау қылмыс деңгейіне қалай әсер етеді? ҚазАқпарат тілшісі Бас прокурордың аға көмекшісі Руслан Тоқтағұловтан осы сауал төңірегіндегі ойын сұрап көрді.

17

«Адам құқықтарын қорғауға бағытталған қозғалыс көптеген ғасырлар бұрын басталып, XVII ғасырда Еуропаның біршама елінде өлім жазасын жою үшін күрес басталды. Ол тұста қозғалыстың қарсыластары көп болды. Таяу тарихта өлім жазасы бір жылға, жарты жылға бірнеше рет алынып, кейін қайта қалпына келтірілді», - деді Руслан Тоқтағұлов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген пікірінде.

Бас прокуратура өкілі «таяу тарих» деп 1917, 1925 және 1948 жылдар туралы айтып отырғанын түсіндірді.

«Бүкіл әлем бойынша бұл мәселемен белгілі криминологтар, соның ішінде қоғамдық ұйымдар айналысып жүр. Олар қылмыс деңгейі белгіленген жазаның түрімен байланысты емес деген дәлелдер келтіреді. Қылмыстың әлеуметтік-экономикалық тамыры бар – бұл тәрбие, білім, адамның өмір сүру жағдайы», - деп түйіндеді спикер.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале