Мемлекет Басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға, қаңтар оқиғасының себептерін егжей-тегжейлі тергеп-тексеруді тапсырды. Аталған фактілер бойынша, барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі, Ішкі істер министрлігінің өндірісінде, олар – адам өлтіру; ұрлық; қарақшылық; бұзақылық; қару ұрлау.Бұл туралы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов мәлімдеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істі жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті: – мемлекетке опасыздық жасау,
– билікті басып алуға әрекет ету және – аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Масимов, және оның 3 орынбасары, сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің істеріне, «өте құпия» деген белгі берілді», - деді Асылов тергеу мәліметтері егжей-тегжейлі жария етілмейтінін түсіндіре отырып.