13.02.2022, 10:20
Оқылды: 47

Бас прокурор: Бұлтартпас дәлел болған жағдайда ғана кінәлілерді жауапкершілікке тартамыз

Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

42AEB8AD-C313-4131-884D-8D52845EC924

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3 024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздік пен террорлық актілер бойынша 177 істі қарап жатыр.

Жалпы прокуратураға ұсталғандар тарапынан 305 шағым түскен. Құқық бұзушылыққа қатысты 62 шағым расталмады.

Азаптау және билігін асыра пайдалану дерегі бойынша 170 қылмыстық іс қозғалды.

«Әрбір істі егжей-тегжейлі тексереміз және бұлтартпас дәлелдер болған жағдайда ғана кінәлілерді жауапкершілікке тартамыз», – деді Бас прокурор.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале