Су тасқыны аймағында халық арасында инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасының аумағында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Фото: www.facebook.com
1.1. Зардап шеккен аумақтардағы су құбыры жүйелері мен құрылыстары істен шыққан жағдайларда:
1) халыққа шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін мамандандырылған автокөлікпен жеткілікті мөлшерде сапасына кепілдік берілген су жеткізуді не бөтелкедегі ауызсуды (тәулігіне бір адамға кемінде 3 литр есебінен) таратуды ұйымдастырсын;
2) су алу орындарында сумен қамтамасыз ету объектілерін және ашық су көздерін қарап-тексеруді ұйымдастырсын;
3) ауылдық және қалалық елді мекендерде пайдаланылатын орталықтанған және орталықтанбаған сумен жабдықтау көздеріне (каптаждарға, құдықтарға, ұңғымаларға) ерекше назар аударсын;
4) халықты қайнамаған суды ауызсу мақсатында пайдалануға тыйым салу туралы хабардар етсін. Суды тасымалдау (беру) кестесін әзірлесін және халықтың назарына жеткізсін.
1.2. Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін:
1) дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қаражат бөлуді көздесін;
2) орталықтанған және орталықтанбаған сумен жабдықтау жүйелерін (каптаждар, құдықтар және т.б.), суды бұру жүйелері мен құрылыстарын (қазба шұңқырларды, аула қондырғыларын қоса алғанда), аумақтар мен ғимараттарды өңдеу үшін дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының қорын құрсын.
1.3. Уақытша орналастыру пункттерінде (УОП):
1) эвакуацияланған халықтың тұруына, тамақтануына және тұрмыстық қамтамасыз етілуіне тиісті жағдайлар жасасын;
2) гигиеналық заттарды (сабын, дезинфекциялау құралдары) таратуды ұйымдастырсын;
3) үй-жайларды уақтылы тазалауды, дезинфекциялауды, желдетуді қамтамасыз етсін;
4) Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес оқушыларды оқыту және тамақтандыру режимдерін сақтай отырып, білім беру ұйымдарында ашылған УОП-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
1.4. Су басқан аймақтарда:
1) су мен топырақтың инфекциялық қауіпсіздігі дәрежесіне мониторинг жүргізсін және бағаласын;
2) ветеринариялық бақылау органдарымен бірлесіп су басқан аймаққа енген мал қорымдары мен сібір жарасының топырақ ошақтарында қорғау іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
1.5. Су тасқыны жағдайын тұрақтандыру кезінде:
1) су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтанған сумен жабдықтау жүйелерін тазалауды және дезинфекциялауды;
2) арнайы бөлінген учаскелерде жиналған қалдықтарды кәдеге жарата отырып, елді мекендердің аумақтарын (жеке үй иеліктері, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары мен полигондары, зираттар, контейнерлік алаңдар және басқа да объектілер) санитариялық тазалауды;
3) белгіленген талаптарды сақтай отырып, өлген жануарларды жинауды және көмуді;
4) сібір жарасы көмілген ошақтарды зертханалық зерттей отырып, халық және жануарлар арасында инфекциялық аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етсін.
2.1. Су тасқыны кезеңінде емдеу-профилактикалық мекемелердің науқастарды уақтылы анықтауға, диагностикалық тексерулер жүргізуге, емдеуге жатқызуға, оларға білікті медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз етсін;
2.2. Дәрі-дәрмек және дезинфекциялау құралдарының, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және шұғыл профилактика құралдарының қажетті қорын құрсын;
2.3. УОП-ға эвакуацияланған адамдарды күнделікті медициналық бақылауды қамтамасыз етсін;
2.4. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп су басуы ықтимал аймақтарда эпидемиялық көрсеткіштер бойынша иммундауға жататын халықтың контингенттерін айқындау және иммундау жүргізуді қамтамасыз етсін;
2.5. Халық арасында инфекциялық аурудың әрбір күдікті және расталған жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шұғыл хабарламаларды жедел жіберуді қамтамасыз етсін;
2.6. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес УОП-ға эвакуацияланған, инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды дереу оқшаулауды және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етсін.
2.7. Инфекциялық аурулармен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.
2.8. Халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулар тіркелген кезде науқастарды оқшаулауды және емдеуге жатқызуды қамтамасыз етсін.
3.1. Халықты сапасына кепілдік берілген ауызсумен қамтамасыз етсін;
3.2. Реагенттер мен зарарсыздандыру құралдарының тәуліктік жұмсалуына қарай қажетті мөлшерінің болуын және оларды есептеуді жүргізсін және су дайындау технологиясының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін;
3.3. Халыққа берілетін ауызсудың, оның ішінде микробиологиялық және вирусологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды күшейтсін;
3.4. Су дайындау технологиясына, сумен қамтамасыз ету объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалардың және ауызсу қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкес ауызсуды уақтылы зарарсыздандыруды жүргізсін.
4.1. Өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде санитариялық қағидалардың сақталуын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін өндірістік бақылауды күшейтсін.
5.1. Орталықтанбаған сумен жабдықтау көздеріне (құдықтарға, каптаждарға, ұңғымаларға) ерекше назар аудара отырып, су басқан аймаққа енген аумақтардағы судың сапасына, су құбыры және кәріз желілерінің жай-күйіне тұрақты негізде гигиеналық бағалау жүргізсін;
5.2. Сумен жабдықтау объектілерінің жұмысына, суды дайындау және суды зарарсыздандыру технологиясына, сондай-ақ дезифекциялау және дератизациялау іс-шараларының жүргізілуіне, сондай-ақ су тасқыны салдарын жою кезінде де бақылау орнатсын;
5.3. Су тасқыны кезеңінде, УОП халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды күшейтсін;
5.4. Эвакуацияланған халықтың 20-дан астамы орналастырылған УОП-да СЭБКД мамандарының тәулік бойы кезекшілігін белгілесін;
5.5. УОП-да орналасқан су басқан орындардан эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және олардың тұруын ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз етсін;
5.6. УОП үй-жайларын уақтылы тазалауды, дезинфекциялауды және желдетуді бақылауды күшейтсін;
5.7. Су басқан аймақта тиісті контингенттің (14 жасқа дейінгі балалар) А вирустық гепатитіне қарсы иммундалуын бақылауды қамтамасыз етсін;
5.8. Су тасқыны кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында халық арасында инфекциялық аурулардың, ең алдымен ішек инфекцияларының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді қамтамасыз етсін;
5.9. Эвакуацияланған халыққа және ТЖ жоюға қатысатын мамандарға ыстық тамақты ұйымдастыруға тартылған қоғамдық тамақтану объектілерінде және УОП-да ауызсу мен дайын тағамдардың сынамаларын іріктеуді жүргізсін.
6.1. Су басқан аймаққа енген өңірлерге бара отырып, аумақтық департаменттерге, ұйымдарға, мекемелерге және халыққа дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
7.1. Қоршаған орта объектілеріне кеңейтілген зерттеулер жүргізу үшін зертханалардың дайындығын, дезинфекциялау құралдарына арналған тест-жүйелердің қажетті қорын қамтамасыз етсін;
7.2. Зертханалық зерттеулерді жедел жүргізуді қамтамасыз етсін.
А. Есмағамбетова,
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері