Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулысын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдайды. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
«Қазақстан Республикасының және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді», делінген шешімде. Сондай-ақ ВАК 21 қарашаға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық бұзушылықтарын тәртіп бұзушылығының ауырлық дәрежесі бойынша (кішігірім, маңызды, өрескел) шектейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдауды тапсырды. Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.
zhaikpress.kz