21.10.2021, 14:40
Оқылды: 61

Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021102112290751205_2021102111422936705_019

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері "Қазақстан Республикасында "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакцинасымен халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу" әдістемелік ұсынымдарын бекітті.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді;

2) КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале