8.04.2024, 21:54
Оқылды: 107

Басқарма басшысының орынбасары түсінік берді

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы аудандардағы су басқан жерлерде орналасқан сібір жарасы көмінділері жайындағы ақпаратқа түсініктеме берді.

IMG_2762

– Бүгінгі таңда аудандарда ветеринарлық қызмет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өлген үй жануарларының көзін жою жұмысын бастады. Басқармадағы бөлім басшысы берген ақпаратқа қатысты түсініктеме бергім келді. Бүгінгі таңда өңірде 13 емес, үш көмінді су астында қалды. Ал ауру қоздырғыштары еріген сумен таралады деген сөз шындыққа жанаспайды. Өйткені көмінділердің барлығы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай: бетондалған және қоршалған. Ешқандай қауіп жоқ, - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А.Бралиев.

Басқарма берген ақпаратқа сенсек, ветеринариялық қызметтер су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық-санитариялық талаптар бойынша жою жұмысын жүргізуде. Жағдай бақылауда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале