Облыс әкімі Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлеріне жаңа басшысын таныстырды.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Берік Есенғалиев Абатұлы тағайындалды.
Облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма басшысына табысты жұмыс тіледі.
Берік Есенғалиев 1977 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі - жоғары. 1998 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған.
1999 жылы еңбек жолын «Құрмет» зейнетақы қорының маманы ретінде бастап, кейін осы қордың өңірлік директоры, 2002-2008 жылдары аралығында облыстағы бірнеше кәсіпорындарда басшылық қызметтерде болды.
2008-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімінің орынбасары,
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі,
2013-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары,
2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.
zhaikpress.kz