14.08.2025, 12:15
Оқылды: 110

Баспана алғысы келетіндер үшін сүйінші хабар шықты

Отбасы банк сұранысқа ие ипотекалық бағдарламалардың бірі – “Наурызды” қайта іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Тұрғын үй ЖП/  дом Автор Гүлмира Сарсенғали

Шілде айында бағдарлама бойынша несие беру тоқтатылған еді. Бұған дейін жоғары сұранысқа байланысты бағдарлама лимиті толық аяқталып, іріктеуден өткен кейбір клиенттер пәтер рәсімдей алмады. Енді төлем қабілетін растаған және несиені рәсімдеуді күтіп жүрген клиенттер көптен күткен баспаналарына ие бола алады.

Банк Қазақстан қор биржасында (KASE) 150 млрд теңге тартқанын және несие беруді қайта бастағанын мәлімдеді.

Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалды: бастапқы жарна – кемінде 20%, қарыздың ең жоғары сомасы Астана мен Алматыда – 36 млн теңге, өзге өңірлерде – 30 млн теңге. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 9,6%-дан 13%-ға дейін. Несиені өтеу мерзімі – 19 жылға дейін.

"Наурыз" бағдарламаларының шарттары:

  • алғашқы жарна: таза әрлеудегі тұрғын үй сатып алу кезінде 10%-дан және әрленбеген немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй сатып алу кезінде 20%-дан бастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13% дейін);
  • несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале